«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

9-сынып оқушылары арасында құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және адам құқықтарын құрметтеуді дамыту мақсатында «Заң мен тәртіп — қоғамның негізі» тақырыбында пікірталас өткізілді

23.10.2026

Пікірталас  барысында оқушылар қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі заң мен қоғамдық тәртіптің рөлін талқылады. Қатысушылар «Жақтаушы» және «Даттаушы» атты екі топқа бөлінді. Бірінші топ заң мен тәртіп қоғамның дамуы үшін қажетті шарттар екенін дәлелдейтін аргументтер ұсынды. Ал екінші топ адамгершілік құндылықтардың, әділдіктің, сенімнің және әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.Ашық пікірталас барысында оқушылар қарсыластарына сұрақтар қойып, өз ұстанымдарын дәлелдеді және кибербуллинг, қоғамдық тәртіпті бұзу, адалдық пен жанжалдарды конструктивті түрде шешуге қатысты өмірлік жағдаяттарды талдады.Пікірталас оқушылардың сыни ойлау қабілетін, пікірталас мәдениетін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға және өзге адамдардың пікіріне құрметпен қарауға ықпал етті.Қорытындылай келе қатысушылар құқықтық мемлекет заңдарды сақтау, адам құқықтарын қорғау, әділдік және әрбір азаматтың саналы жауапкершілігі негізінде құрылатыны туралы қорытындыға келді.

Просмотров: 94


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст