23.10.2026
Бұл күн 1-ші және 5-ші сынып оқушылары үшін ерекше әрі есте қаларлық оқиға болды.Салтанатты сап түзеу жиыны барысында , Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының әуенімен мектептің оқушылары «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ресми түрде қабылданды.
1-сынып оқушылары ұйымның кіші буыны – «Жас Қыран» қатарына қосылды.
5-сынып оқушылары ұйымның аға буыны – «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.
Ұстаздарының, ата-аналарының және сыныптастарының алдында жас ұландықтар мен жас қырандықтар салтанатты түрде ант берді. Олар Отанын сүюге, жақсы оқуға, үлкендерді құрметтеуге және Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға уәде етті. Мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері оқушыларға ұйымның басты айырым белгілері – патриоттық төсбелгілер мен галстуктарды табыстады.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқушыларды осы маңызды қадаммен шын жүректен құттықтайды!
«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымдарының мүшесі болу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Оқушыларға оқу-білімде, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жаңа жетістіктерге жетіп, өркендеген Отанымыздың игілігі жолында биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!