Текст
23.10.2026
Әңгімелесу барысында оқушыларға жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, көшеде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау тәртібі, сондай-ақ электр құралдарын пайдалануда сақтық шаралары еске салынды.
Сонымен қатар су айдындарының маңында, балалар ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде абай болу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға үйде және серуендеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесудің басты мақсаты – күзгі демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету.