19.10.2026
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында 1–4-сыныптарда еліміздің тарихына, мемлекеттік рәміздеріне, Конституциясына және тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарына арналған тақырыптық сынып сағаты өтті.Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасы күнінің тарихымен танысып, Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызы туралы әңгімелесті. Қазақстан Республикасының Конституциясына — мемлекеттің негізгі заңына ерекше назар аударылды. Конституцияда мемлекеттік құрылымның негіздері айқындалып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ міндеттері бекітілгені түсіндірілді.Оқушылар заңдарды білу және сақтау, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, өз еліне жауапты азамат болу не үшін маңызды екенін талқылады. Сынып сағат барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерді еске түсіріп, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелесті. Сонымен қатар Отанды сүю және нағыз патриот болу дегеніміз не екені туралы өз ойларымен бөлісті.
Сынып сағатының мақсаттары:
-Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;
-Қазақстан Республикасы күнінің тарихы және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы туралы білімдерін кеңейту;
-Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
-Ел заңдарына, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
-Туған өлкенің тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттыру;
-Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, Қазақстанның лайықты азаматы болуға ұмтылдыру.
Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, адамгершілік құндылықтарын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.