Текст
15.10.2026
Оқушылар әлемнің әртүрлі елдері мен ғаламшарымыздың таңғажайып мекендеріне саяхат жасап, олардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және көрікті жерлерімен танысты. Әрбір аялдама балаларға жаңа мәліметтер мен қызықты әсерлер сыйлады.Саяхат барысында оқушылар өз білімдерін толықтырып, ой-өрістерін кеңейтіп, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Олар әлемді тану үшін алысқа барудың қажеті жоқ екенін, білім мен қиялдың өзі талай жаңалыққа жол ашатынын түсінді.Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге және өзге халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.